Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

ОРТАЛЫҚ ЖАЙЫНДА

Жапон орталығы жайында

2000 жылы тамыз айында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті мен Қазақстандағы Жапония Елшілігі көрсететін Дамуға ресми көмек бағдарламасы (ODA) аясында жұмыс істейтін Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (JICA) Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығын ашу жайында Талқылау Хаттамасына қол қойды.

Біздің міндетіміз

10 жыл бойы жоба КазЭУ қабырғасында сәтті жүзеге асып келді. 2012 жылы 1 қазанда Қазақстандағы JICA жобасының аяқталуына байланысты Жапон Орталығы Қазақстан тарапының басқарымына өтті. Орталық жапондық JICA агенттігінің, жапондық Қордың (Japan Foundation) қолдауымен жұмысын жалғастыруда. Біздің мақсатымыз-Қазақстанның адами ресурстарын дамытуға өз үлесімізді қосу және екі ел арасындағы іскерлік және мәдени қатынастарды дамытуға ықпал ету. Орталық жапон менеджменті бойынша бизнес-тренингтер, жапон тілін оқыту курстарын өткізеді, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония халықтары арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Орталық есігі барлығына – студенттерге, мұғалімдерге, кәсіпкерлерге және Жапония жайында көп ақпарат алып, екі елдің арасындағы мәдени байланысты дамытамын деушілерге ашық.