Біз қолма-қол ақшамен төлем қабылдамаймыз.
Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жапон тілі курстарына төлем жасау үшін төмендегі банк реквизиттерін пайдаланыңыз.
Жапон тілі курстарының құны (барлық деңгей үшін): кейінірек хабарланады.
Сіз кез келген банк бөлімшесі арқылы төлем жасай аласыз.
Егер төлемді Forte Bank арқылы жасасаңыз, кассирге келесі кодты хабарлаңыз:
Жапон тілі курстары үшін төлем коды: 100348
Назар аударыңыз: банк комиссиясы жеке төленеді.
(Ағымдағы шот ашудың қажеті жоқ.)
Басқа банктер арқылы төлем жасағанда, кассирге келесіні айтуыңызды сұраймыз:
«Жапон тілі курстары үшін, ТАӘ бойынша төлем» немесе
«Жапон тілі курстары үшін, балаға (бала ТАӘ бойынша) төлем».
Төлем жасау үшін оқушының жеке куәлігі және Қазақстан-жапон орталығының (ҚЖО) реквизиттері қажет.
Жасөспірімдер үшін: туу туралы куәлік, ата-анасының жеке куәлігі және ҚЖО реквизиттері қажет.
Ескерту: төлем қайтарылмайтын болғандықтан, төлем жасамас бұрын сабақтың нақты кестесін (уақыты мен аптаның күндері) 377-13-39 телефоны арқылы нақтылауыңызды сұраймыз.
Төлем түбіртегін бірінші сабаққа алып келіңіз немесе WhatsApp арқылы 8 707 907 7991 нөміріне жіберіңіз.
ҚЖО банк қызметкерінің жіберген қателіктеріне жауапты емес. Сол себепті, төлем жасағаннан кейін түбіртектегі келесі деректерді мұқият тексеруіңізді сұраймыз:
-
Банк шоты: (ИИК және БИК сәйкессіздігі болған жағдайда төлем жарамсыз болады)
-
Түбіртекте оқушының толық аты-жөні болуы тиіс (ата-аналар баласының аты-жөнін көрсетуі қажет)
-
Соманы тексеріңіз
ҚЖО реквизиттері:
Коммерциялық емес Акционерлік Қоғам «Нархоз Университеті»
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A10M6D2, Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, 55
БСН: 010740002528
ИИК: KZ269650000061142907
БИК: IRTYKZKA
КБЕ: 17
ForteBank АҚ, Алматы қ.
Төлем мақсатының коды (КПН): 861