Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Пайдалы сілтемелер

Веб-сайты

Маругото оқулықтары бойынша онлайн оқыту

“Маругото” ресми сайты”


“Маругото” оқулықтарының ресми веб-сайты. Сайтта оқулықтардағы аудиофайлдарға және басқа да қосымша жүктеп алуға болатын материалдарға тегін қол жеткізуге болады.

“Маругото” онлайн курстар


“Маругото” оқулықтары бойынша онлайн курстар.

JF e-learning “Minato”


Жапон тілін үйренуге арналған платформа, онда жапон тілін онлайн режимде оқып, әлемнің түкпір-түкпірінен достарыңызбен сөйлесе аласыз. «Минато» әртүрлі курстардың кең таңдауын ұсынады.

Маругото оқулығы бойынша оқып жүргендерге арналған қосымша сайттар

«Иродори» оқулығы. Практикалық жапон тілі


Жапонияда өмір сүруді жоспарлап жүргендер немесе сонда тұрып жатқан адамдарға арналған оқулық. Егер сіз Маругото бойынша оқып жүрсеңіз, Иродориді қосымша материал ретінде қолдануға болады — онда сөздік қоры кеңірек. Иродоридегі тақырыптар Маруготодағы тақырыптармен толық сәйкес келеді, бұл оқу үдерісін ыңғайлы етеді.
Оқулықтар мен аудиофайлдарды сілтеме арқылы тегін жүктеп алуға болады.

“HIROGARU” сайты


Жапон мәдениетіне терең үңіліп, түрлі тақырыптар арқылы жапон тілін тәжірибеден өткізуге болатын сайт.

«Эриннің шақыруы. Мен жапон тілінде сөйлей аламын!» оқулығы»


Оқулық Жапон Қорының қолдауымен әзірленген. Басты кейіпкер — Эрин есімді қыз, ол күн сайын жапон тілін үйренеді. Бұл жолда оған достары көмектеседі.

Маругото: Өмір мен Мәдениет


«Маругото» сайтындағы Жапония мәдениеті мен өміріне арналған бөлім.
Бұл түрлі-түсті сайтта қазіргі Жапониядағы өмір туралы қызықты әрі пайдалы ақпаратты таба аласыз.

Аниме мен мангадағы жапон тілі


Жапон тілін тәжірибе жүзінде қолдануға және аниме мен мангада жиі кездесетін түрлі жапон тіркестерін үйренуге болатын сайт.

Басқа пайдалы сайттар

NHK World ұсынған жапон тілі сабақтары


«Жапон тілі сабақтары» — бұл жапонның қоғамдық хабар тарату корпорациясы NHK-нің NHK WORLD RADIO JAPAN қызметі әзірлеген жапон тілінің бастапқы курсы.
Бұл сабақтар радиоқойылым форматында жасалған, олардың көмегімен сіз грамматиканың негіздерін меңгеріп, пайдалы тіркестерді есте сақтай аласыз.
Сабақтың аудиофайлдары мен материалдарын тегін жүктеп алуға болады.

“Нихонго e-na” сайты


Жапон және ағылшын тілдеріндегі портал, онда әртүрлі деңгейге арналған сайттар мен бағдарламалар жинақталған. Іздеуді келесі санаттар бойынша жүргізуге болады: «оқу», «жазу», «тыңдау», «сөйлеу», «грамматика», «лексика», «әліпби», «иероглифтер», «бағдарламалар», «сөздіктер мен жазбаша аударма», «мәдениет пен қоғам» және т.б. Сонымен қатар, іздеуді тіл үйрену деңгейіне қарай баптауға болады. Порталда әрбір сайттың қысқаша сипаттамасы мен қолдану мысалы көрсетілген.

Приложения

HIRAGANA/KATAKANA Memory Hint


Хирагана мен катакананы суреттер арқылы үйренуге арналған қосымша, сондай-ақ өзін-өзі тексеруге арналған тесттер бар.

 

 

KANJI Memory Hint


Кандзи-иерароглифтерін ассоциациялар арқылы үйренуге арналған қосымша, сондай-ақ өзін-өзі тексеруге арналған тесттер ұсынылған. Қосымшадағы кандзилер “Маругото” оқулығындағы материалдарға сәйкес келеді:
KANJI Memory Hint 1 – Marugoto A1 (3–9-тақырыптар), KANJI Memory Hint 2 – Marugoto A2-1, KANJI Memory Hint 3 – Marugoto A2-2.

KANJI Memory Hint 1:

 

KANJI Memory Hint 2:

 

KANJI Memory Hint 3: