Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Жапонияда білім алу

Жапония мәдениетіне қызығушылық танытып қана қоймай, сонымен қатар «күншығыс» елінде білім алу мүмкіндігін қарастыратындар үшін Қазақстан-Жапон орталығы жыл сайын жетекші жапон университеттерінің қатысуымен «Жапонияда оқу» жәрмеңкесін өткізеді..

2024 ж. көрме онлайн және офлайн режимінде өтеді:

Офлайн – 11-12 қараша,

Онлайн – 15-19 қараша аралығында.

Университет өкілдері қолданыстағы бағдарламалар, халықаралық студенттерге арналған стипендиялар туралы презентациялар жасайды және көрме қатысушыларының сұрақтарына жауап береді.

Оған дейін өткен жылғы жәрмеңкеге қатысқан университеттер мен олардың бағдарламалары туралы ақпаратпен таныса аласыз.

Ақпарат бұрышы

Жапонияда оқу туралы ақпарат алғысы келетіндер үшін: Қазақстан-Жапон орталығында (Алматы кеңсесінде) Жапонияның кейбір университеттері мен жекеменшік мектептерінің материалдары бар «ақпарат бұрышы» бар.