Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Консультациялар, Жапонияға барумен байланысты бағдарламалар

Консультациялар, консалтингтік жобалар

Біздің орталық Кайдзен / Үнемді өндіріс тақырыбында кеңес беру және консалтингтік жобаларды жүзеге асырады.

Кеңесшілер ретінде Жапонияда Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жапон агенттігінің (JICA) бағдарламалары бойынша оқудан өткен жергілікті сарапшылар мен шақыртылған жапон мамандары жұмыс істейді.

Консалтингтік жобалардың ұзақтығы: 3 айдан 12 айға дейін және одан да ұзақ. Келісілген кезең ішінде кеңесші компания командасымен бірге нақты тапсырмаларды шешеді. Бұл ретте біз әрдайым компания кейіннен сыртқы тұрақты қолдаусыз, өздігінен жетілдіру жұмысын жалғастыра алатындай болуын көздейміз.

Кеңесші кәсіпорында/компанияда айына бірнеше күн ғана жұмыс істейді. Қалған уақытта сіздің команда тапсырмалар мен ұсыныстарды орындайды, сондай-ақ өз шешімдерін әзірлеуге тырысады.

Қазақстан-жапон орталығы 2002 жылдан бастап Кайдзен бойынша оқыту және кеңес беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде Кайдзеннің бастапқы жапондық мән-мағынасы біз арқылы таратылып келді. Біз Кайдзенді тек шынымен қажет ететін компанияларға ғана ұсындық. Алайда, жапон мамандарының айтуынша, уақыт өте келе Қазақстанда «Кайдзенді Кайдзен үшін» енгізе бастады, яғни нақты мәселелерді шешу мақсатынан алыстап кетті. Біз қызметкерлердің ойлау жүйесін біртіндеп өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді практикалық қолдау идеясын ұстанамыз.

Егер сіз жаңа білімге, қателіктерге, идеяларды іздеуге және жауапты бизнесті дамытуға дайын болсаңыз – біз сізбен жұмыс істеуге дайынбыз. Біз үшін компанияны жақсартуға ниетті басшының көшбасшылығы өте маңызды.

Жапон сарапшыларының Кайдзен енгізу туралы кейбір айтқан сөздері:

«Егер сіз жолда сүрініп, қайта тұрып, жаңа идеямен алға ұмтылсаңыз, алғашқы жетістіктеріңізді командамен бірге атап өтсеңіз, бірақ тоқтамасаңыз – сіз дұрыс жолдасыз.»

«Қиналдыңыз ба, шаршадыңыз ба, үмітіңіз үзіліп тұр ма? Жасыңызды сүртіп, тізеден тұрып, табандылықпен әрі қарай жалғастырыңыз. Сіз өзіңіздің ерекше жүйеңізді жасай аласыз!»

«Сізде мәселе жоқ па? Онда бұл – үлкен мәселе!» (Мәселені жасырмаңыз және қызметкерлерді кінәламаңыз. «Мәселе – бұл гауһар. Оны шешу арқылы сіз компанияңызды жақсартасыз»).

«Тойота сияқты бірден болғыңыз келе ме? Бұл тамырсыз ағаш отырғызумен тең. Ол өмір сүре алмайды. Тек бір жол бар – тұқымнан өз жүйеңізді өсіру.»

«Кайдзен көп ресурсты қажет етпейді, бірақ құрбандықты талап етеді. Уақыттық құрбандықты. Сіз уақытыңызды тұрақты түрде арнауға дайын болуыңыз керек.»


Жапонияға барумен байланысты бағдарламалар

Біз Кайдзен / Үнемді өндіріс бойынша оқытумен, Кайдзен тәжірибесін енгізген жапон компанияларына барумен, экскурсиямен немесе онсыз жеке Жапония сапарын ұйымдастыра аламыз. Бағдарлама сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес әзірленеді. Бір топта ең көбі 20 адам.

Егер сіз басқа тақырыппен Жапонияға барғыңыз келсе немесе демалыс сапарын жоспарласаңыз — біз түрлі тақырыптағы турларды ұйымдастырамыз. Сізден сұраныс күтеміз.


Онлайн консультациялар

Жапон сарапшысымен келесі тақырыптарда ағылшын/орыс тілінде (аудармамен) онлайн кеңес беру қызметі қолжетімді:

  • КАЙДЗЕН, Үнемді банк (KAIZEN and Lean Banking — қаржы ұйымдары үшін)

  • Қызмет көрсету саласына арналған КАЙДЗЕН

  • Қарапайым құралдармен КАЙДЗЕН тәсілдері (5S, 7 шығын түрін жою, Инженерлік есеп, Toyota Production System негізіндегі қағидалар – визуализация, Poka-Yoke, piece-by-piece production және т.б.)

  • Стратегиялық басқару

  • Бизнесті жоспарлау (Business Plan Development)

  • Менеджмент консалтингі бойынша бизнес (Management Consulting Business — кеңесші болғысы келетіндер үшін)


Байланыс үшін: bcd@kjc.kz