Жапон тілінің деңгейін анықтауға арналған емтихан «Нихонго Ноурёкущикен 2022 (Шілде)» АЛМАТЫ
- Емтихан өтетін күн: 3 шілде (ЖЕКСЕНБІ), 2022 жыл
- Өтетін орны: Алматы қ.
- Құны: N1-інші деңгей: 8000тг., N2-інші деңгей: 7500тг., N3-інші деңгей: 6500тг., N4/N5-інші деңгей: 6000тг.
- Қазақстан-Жапон орталығында өтініштерді қабылдау: 24 наурыз (бейсенбі) – 31 наурыз (бейсенбі), 2022 жыл, сағат 10:00-17:00, Алматы қ., Жандосова көш. 55/5, 2-інші қабат, Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (KJC).
*Сенбі және жексенбі демалыс күндері болып табылады.
*Басқа қалалардан өтінімдерді қабылдау жайлы электрондық пошта арқылы бізге хабарласуыңызды сұраймыз.
*Басқа мемлекеттің азаматтары емтихан тапсыруға, өтінім бере алады.
Кезек броньдау сілтемесі: https://select-type.com/rsv/?id=5YkiaqT3dWw&c_id=181644
Өтінімдерді қабылдау туралы сұрақтар: jlpt@kjc.kz
Байланыс телефондары: +7 (727) 377-13-39, 377-13-44, 377-13-45
Емтиханға қалай жазылуға болады (қадамдар):
- (4.03.2022 – 31.03.2022) Көрсетілген мерзім ішінде JLPT-ге тіркелу үшін орталыққа келу күні мен уақытын броньдау;
- Пошта арқылы растау мен өтініш формасын алу;
- Өтінішті толтырып, оны ҚЖО электрондық поштасына жіберу (jlpt@kjc.kz);
- Орталыққа броньдаған күн мен уақытта келу (өзіңізбен бірге алып келіңіз: 2 фото (3×4), жеке куәлік/туу туралы куәлік, төлем);
- Емтиханға төлем жасағаннан кейін ваучер алу (ваучерді жоғалтуға болмайды);
- JLPT тіркелуі аяқталды!
Жапон тілінің деңгейін анықтауға арналған емтихан «Нихонго Ноурёкущикен»
Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы (бұдан әрі – ҚЖО) Жапон қорымен бірлесіп жапон тілін деңгейін анықтау Емтиханын өткізеді. Емтихан жылына екі рет: шілде және желтоқсан айларында өтеді. Емтихан тапсыруды ұмытпаңыз, өйткені берілетін сертификат бүкіл әлемде жарамды!
Өткізілу мерзімі | Өтінімдерді қабылдау | Өзіңізбен бірге міндетті түрде: |
Шілде(тек Алматы қ.) | наурыз айының соңы – сәуір айының басы | -2 фото (3×4), Жеке куәлік/туу туралы куәлік, төлем |
Желтоқсан(Алматы қ., Нұр-Сұлтан қ.) | қыркүйк айының басы мен ортасы |
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
Шілде Емтиханына (тек Алматыда) наурыздың соңы – сәуірдің басы.
Желтоқсан Емтиханын (Алматы мен Астанада) қыркүйек айының басы мен ортасы
Емтихан жайлы қосымша ақпарат алу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:
http://www.jlpt.jp/index.html(Жапонша)
http://www.jlpt.jp/e/index.html(Ағылшынша)
Емтиханды тапсыру тәртібіне қатысты Қазақстан-Жапон орталығына келесі электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: jlpt@kjc.kz. Алматыдан тыс басқа қалаларда тұратын және емтихан тапсыруды қалайтын азаматтырды алдымен ҚЖО-ға хабарласуды сұраймыз.
Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап келесі сілтеме бойынша өз нәтижелеріңізді онлайн режимінде білуге болады: http://www.jlpt.jp/guideline/results_online.html
Нәтижелерді көру үшін, ваучерде жазылған емтихан тапсырушының нөмірі мен өтініште жазылған құпия сөзді енгізу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан-Жапон орталығына хабарласыңыз.