Мәдени іс-шаралар
Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету мақсатында Қазақстан-жапон орталығы түрлі мәдени іс-шаралар өткізеді.
Осындай жыл сайынғы іс-шаралардың бірі Жапонияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп өткізілетін «жапон мәдениеті фестивалі» болып табылады. Осы шара аясында қазақстандықтар үшін көптеген жылдар бойы дәстүрлі және заманауи өнердің, музыканың, жекпе-жек өнерінің, жапон тағамдары мен технологиясының көрсетілімі ұйымдастырылып келеді. Фестиваль «Ооэдо-дайко» тобының орындауындағы «тайко» барабандарының әсерлі дыбыстарымен өтеді. Қазақстандықтар түрлі тақырыптық бұрыштарға тікелей қатыса алады — шай рәсіміне, каллиграфияға қатысу, оригами жасау, жапон тағамдарының дәмін тату және т.б.
Орталықта оригами, каллиграфия, кимоно кию сияқты сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары мен үйірмелер, сондай-ақ «Сакура гүлдеу мерекесі», «Танабата» жұлдыздар фестивалі және т.б. сияқты әртүрлі жапондық мерекелерге арналған маусымдық іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе Оханами (сакура тамашалау) ерекше танымал. Жыл сайын сәуір айының соңында Жапон орталығы ғимаратының алдында орталықтың бұрынғы директоры – Митома Эйтаро мырза отырғызған нағыз сакура гүлдейді. 2011 жылғы қайғылы оқиғалардан кейін жапон халқын қолдаудың белгісі ретінде барлығы 10 ағаш отырғызылды. Көшеттердің алдындағы тақтайшалардағы сөздер: 東本大震災復興記念植樹2011年, яғни: «Мен Жапонияның Ұлы жер сілкінісінің зардаптарынан тезірек сауығып кетуі үшін дұға етемін» дегенді білдіреді.
Қазақстан-жапон орталығының мәдени іс-шараларының тізбесі:
- Мастер-класстар (каллиграфия, оригами, би, жапон тағамдары, кирие және т. б.)
- Маусымдық іс-шаралар (Сакура гүлдеу мерекесі, Танабата жұлдыздарының мерекесі, жапондық Жаңа жыл және т. б.)
- Жапонияның мәдениет күні
- 7-12 жас аралығындағы балаларға арналған жазғы лагерь
- Жапонияға оқу және таныстыру сапарлары
- «Жапонияда оқу» көрмесі
- Мәдени сүйемелдеу (іс-шаралар, тимбилдингтер және т. б.)