Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Жапон мәдениетін таныстыру бағдарламасы

Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы Жапонияда оқу-танысу саяхаттарын ұйымдастырады. Оған жапон тілін оқу ғана емес, жапон қонақжайлылығын сезініп, мәдени және тарихи жерлерге, заманауи мегаполистерге,аттракциондары бар саябақтарға баратын экскурсиялар да кіреді.

Егер сіз Күншығыс елінің сұлулығымен танысып, жайқалған сакураның аңқыған жұпар иісін сезіп, ұмытылмас демалыс өткізгіңіз келсе, біз сіз үшін Жапонияны аралайтын жеке не топтық саяхаттар ұйымдастыра аламыз.

Қазақстан-жапон орталығының қызметкерлері турагенттіктердің көмегіне жүгінбей, саяхатты ұйымдастыру жағынан барлық ауыртпашылықты өздеріне алатындықтан, бағасы агенттіктерге қарағанда 2 есе арзан шығады.

Біз Сіздерді көктем, жаз, күз және қыс мезгілдерінде Жапонияда рахатқа бөленуге және ұмытылмас күндерді өткізуге шақырамыз!

Қазақстан-жапон орталығы отбасыңызбен не достарыңызбен бірге Жапонияны аралайтын турларды ұсынады.