Казахстанско-японский центр развития человеческих ресурсов

Жапон тілі курстары

~ Жазғы интенсивті семестр 2026 ~

🌸Мұнда сіз ересектер мен жасөспірімдерге (13+) арналған жапон курстарының келесі семестріне тіркеле аласыз.

👤Курс жапон тілін нөлден үйрене бастағысы әлде жалғастыру келетіндерге арналған.

🌸Барлық өтінімдер семестрге дейін толық қарастырылады.  Келесі семестрдің басталуына дейін ұзақ уақыт бұрын өтініш берген жағдайда, жылдам жауап күтпеулеріңізді өтінеміз. Түсіністіктеріңізге алдын-ала рахмет!

📚Біздің бағдарлама тілдік кедергісіз табиғи қарым-қатынасқа баса назар аудара отырып, барлық төрт дағдыны (сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау) дамытуды қамтиды.

🌸Курс жайлы

🌐Сабақ форматы: офлайн және онлайн;

📍Өткізу орны

  • офлайн: Алматы қ,, Астана қ.
  • онлайн: Zoom

🕰️Сабақ уақыты

Жұмыс күндері аптасына 5 рет, сабақ 2 сағат (демалыс және мереке күндері сабақ жоқ).

  • таңғы уақыт (10:00-12:00)
  • түскі уақыт (15:00-17:00)
  • кешкі уақыт (18:30-20:30);

Сабақ кестесі өтінім негізінде жасалады. Өтінімде аптаның қалаған уақытын және күндерін белгілеңіз.

🌸Бастапқы деңгей (A1)

  • Оқу мерзімі: 29 маусым 2026 ж. ~ 22 тамыз 2026 ж.* (2 ай, 70 сағат);
  • Төлем: толық курс 140,000 теңге;

*Аяқталу күні өзгеруі мүмкін.

❗Тіркелу соңғы күні ― 19 маусым!

🌸Жалғастыру деңгей (A2 ~ B2)

Жалғастыру деңгейлерге (A2-1 және одан жоғары) қабылдау тамыз айында, күзгі семестрге басталады.

❓Жиі қойылатын сұрақтар

Курстарға қабылдау қашан басталады?

Әдетте, қабылдау әр семестр басталғанға дейін шамамен бір ай бұрын басталады.
Қабылдау туралы хабарландыру біздің әлеуметтік желілерде жарияланады.
Instagram: https://www.instagram.com/kazakhstan_japan_center/
Facebook: https://www.facebook.com/kazakhstanjapancenter/

Мен өтініш жібердім, бірақ маған әлі хабарласқан жоқ.

Сізге қазіргі семестрге қабылдау аяқталғаннан кейін электрондық пошта арқылы хабарласады.

Сонымен қатар, спам бумасын да тексеріп отыруыңызды сұраймыз.

Курстарға неше жастан бастап қатысуға болады?

Біздің курстарға 13 жастан бастап кез келген жастағы адамдар қатыса алады.

Сабақтар қандай форматта өткізіледі?

Біздің курстар офлайн және онлайн форматтарда өткізіледі.

Сабақтарды кімдер жүргізеді?

Бастапқы деңгейде сабақтарды жергілікті оқытушылар жүргізеді, ал жоғары деңгейлерде сабақтар Japan Foundation сарапшыларымен бірлесіп өткізіледі.

Қандай деңгейлер бойынша оқу жүргізіледі?

Біздің курстар нөлдік деңгейден (A1) бастап жоғары деңгейге (B2) дейін өткізіледі.

Мен жапон тілін үйреніп қойдым, менің деңгейме сәйкес топ бар ма?

Жаңа тыңдаушылар үшін жапон тілі деңгейін анықтау мақсатында сынақ тестілеуі өткізіледі. Нәтижесіне қарай Сізге ең қолайлы топ анықталады.
Алайда, жазғы семестрде сабақтар тек нөлдік деңгей (A1) үшін ғана өткізілетінін ескеруіңізді сұраймыз.

Сабақтар топпен өте ме?

Біздің курстар топтық форматта өткізіледі.
Топтар кемінде 15 адам жиналған жағдайда ашылады (жоғары деңгейлер үшін ерекшеліктер болуы мүмкін).
Бастапқы деңгейлерде топтағы адам саны 25 адамнан да көп болуы мүмкін.

Жеке сабақтар бар ма?

Орталық жеке сабақтарды ұсынбайды — біздің «Маругото» бағдарламасының ең жоғары тиімділігі топтық сабақтарға белсенді қатысу кезінде байқалады.

Курс аяқталғаннан кейін сертификат беріле ме?

Иә, беріледі! Сертификатта өткен материал, оқу мерзімі және сағат саны көрсетіледі.

・Курс аяқтау сертификатын алу үшін жалпы балдың кемінде 60%-ын жинау қажет;
・60% жинамаған тыңдаушылар оқуын жалғастыру үшін курсты қайта өтуі тиіс.

Төлем қалай жүргізіледі?

Төлем қолма-қол ақшасыз түрде жүргізіледі.
Төлем тек ҚЖО-ның Forte Bank-тегі ресми банктік шотына қабылданады.
Төлем жасау нұсқаулығы мен реквизиттер Сізге келісімшартпен бірге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Оқулықтар беріле ме?

Офлайн курстарда оқулықтар сабақ кезінде беріледі, ал онлайн сабақтарда презентациялар қолданылады.
Қазақстанда оқулықтарды сатып алу мүмкін емес (біздің Орталық та оларды сатпайды), алайда қаласаңыз, оларды Amazon немесе басқа маркетплейстер арқылы өзіңізге сатып ала аласыз.
Сондай-ақ, біздің сайтта (kjc.kz/materials) көптеген тегін қосымша материалдар қолжетімді.

Топқа қалай бөлінеді?

Жаңа тыңдаушылар үшін жапон тілі деңгейін анықтау мақсатында сынақ тестілеуі өткізіледі. Нәтижесіне қарай Сізге ең қолайлы топ анықталады.
Алайда, жазғы семестрде сабақтар тек нөлдік деңгей (A1) үшін ғана өткізілетінін ескеруіңізді сұраймыз.